Павлодарда мүгедек қызға жыныстық қысым көрсеткен ер адам 15 жылға сотталды

cover Фото: Freepik.com

Павлодардағы Ертіс ауданының 43 жастағы тұрғыны мүгедек қызға жыныстық қысым көрсеткені үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ер адам зардап шеккен қыздың анасымен бірге тұрып, малшы болып жұмыс істеген.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 1-тармағы («Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танылды.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ер адам 15 жыл орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. 

Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне өкінгенін және кәмелетке толмаған баласының барын жеңілдететін мән-жайлар ретінде есепке алды. Ал қылмыстың мас күйде жасалғаны ауырлататын жағдай ретінде танылды.

Іс жабық режимде қаралды. Сондықтан БАҚ өкілдеріне өзге мәліметтер жария етілмеді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Семей қаласында 13 жастағы мектеп оқушысын зорлаған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімінің соты жайлы жазған едік.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар