Павлодарда мердігерді қорқытып, ақша бопсалаған ҚТЖ-ның екі қызметкері 7 жылға сотталды
Фото: ҚТЖ
ҚТЖ Павлодар филиалының екі басшысы мердігерден миллионыншы параны қорқытып алғаны үшін темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Павлодар соты ҚТЖ филиалының екі басшысын пара талап еткені үшін жеті жылға түрмеге кесті. Тергеу нәтижесі бойынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ» магистральдық желісінің Павлодар бөлімінің» директоры 2021 жылдың желтоқсанында бағынышты адамнан құны 56,9 мың теңге болатын кресло алған. Бірнеше жылдан кейін, 2025 жылдың басында ол Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы екеуі мердігерге қысым көрсете бастады.
«Олар «Б» ЖШС өкілін бизнесі мен кәсіпкердің өз басына проблема тауып береміз деп қорқытқан. Бопсалаудың қарымтасы ретінде 2,7 миллион теңге талап еткен. Ақшаны Ақсу-1 станциясын электр монтаждау шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін қорқытып алды. Мердігер оның бәрін төлеуге мәжбүр болды» деген мәлімет айтылды сотта.
Екеуі де: ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 1, 2 және 4-тармақтары бойынша («Бір топ адам бірнеше рет пара талап ету»), ал серіктесі осы бөліктің 1 және 2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Олар жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бүгін ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Қазақстан темір жолы компаниясы өзіне жүктелген міндетін ойдағыдай атқара алмай отырғанын сынаған еді.
«Біздің еліміздің әлі күнге дейін авиациялық жүктерді тасымалдаудың еуразиялық орталығына айналмағаны, менің ойымша, кешірілмейтін қателік, жай айтсақ, қисынсыз. Үкімет мемлекеттік жүк авиакомпаниясын құру жөнінде басқарушылық шешім қабылдау барысында өрескел қате жіберді», - деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жаһандық логистика картасында лайықты орын алу үшін жүйелі күш-жігер мен нақты іс-қимыл стратегиясы қажет. Үкімет алдына бұған дейін де авиацияда, атап айтқанда, жүк саласында нақты нәтижелерге қол жеткізу міндеті қойылған.
Тақырыпқа тұздық ретінде:
- ҚТЖ-ның экс-директоры адам ұрлады деген күдікпен іздестіріліп жатыр
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Теміржол мафиясы - ҚТЖ-да 133 млн теңгенің дизель отыны ұрланғаны анықталды
- ҚТЖ-ның еншілес компаниясы Швейцариядан тиімсіз бағамен вагондар сатып алды
Жаңалықтар
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды