Павлодар облысында жер үй өртеніп, 6 адам тірідей жанып кетті
Фото: freepik.com
Павлодар облысының Солнечный кентіне қарасты шаруа қожалықтарының бірінде тұрғын үй мен өзге де шаруашылық ғимараттары отқа оранды, деп хабарлайды Orda.kz.
Құтқарушылар өрттің үйді толықтай шарпығанын, салдарынан үйдің шатыры құлағанын мәлімдеді. Тілсіз жаудан үйде болған 6 адам өртеніп кеткен.
«Кенттен 7 шақырым жердегі шаруа қожалығының ғимараттары жанып жатқаны туралы хабарлама бүгін сағат 06.34-те келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдай департаментінің күштері мен өрт сөндіру құралдары, Екібастұз ГРЭС-2 стансасының өртке қарсы құрылымдары, Солнечный кентінің өрт сөндіру бекетіні өкілдері келді», деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтау барысында әрқайсысы 27 литрлік 8 газ баллонын сыртқа алып шыққан. Өрттің жалпы ауданы 930 шаршы метр.
Құтқарушылар алапат өрттің болжамды себебін айтты. Өрт тұтанбай тұрып шаруа қожалығының қызметкерлері алкогольдік ішімдіктерді қолданған. 3 әйел мен 3 ер адам мас күйі отты абайсыз пайдаланған болуы мүмкін.
Айта кетейік, Петропавлда тұрғылықты жері жоқ екі әйел жылу коллекторының ішінде өртеніп кете жаздады. Нәтижесінде екеуі де қатты күйік алған. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде әдейі жалған ақшамен төлем жасап, алаяқтыққа барған әйел сотталды
- ҚМА төрағасы президентке қылмыстық табысқа қарсы күрестегі атқарылған жұмыстарды баяндады
- Ауғанстанда су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапты
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті