Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарының басы дауға ілікті

cover Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов «қыз зорлады» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Таралған ақпаратқа сүйенер болсақ, Айгүл есімді қыз үй кезегінде тұрған. Ал Батырғожинов қызды зорлап, оған үй алып беруге уәде берген.

Облыс әкімдігі қызметкеріне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді.

«Әкімнің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов денсаулығына байланысты биыл 8 қаңтардан бастап еңбек демалысында. Бізге жеткен мәлімет бойынша, Павлодар облысының полиция департаменті Серік Батырғожиновтың арызы бойынша бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Зардап шеккен тарап - Серік Батырғожинов» делінген әкімдік хабарламасында. 

Іс сотқа жіберілді

«Тергеу амалдары жүргізілді, айыпталушы тараптың қорғауында көрсеткен деректер тексерілді, деректер расталған жоқ. Бүгінде іс сотқа жіберілді. Бұл іс бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты процеске қатысушылардан алуға болады, өйткені бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатпайды» делінген жауапта.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар