Пара алғаны үшін үйқамақта отырған полицейге «зорлық жасады» деген айып тағылды

cover Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде полицей мас күйі көлік жүргізген әйелден пара алғаны үшін ұсталған болатын. Сол себепті ол үйқамаққа жіберілген. Енді үйқамақта жүрген оған бұрынғы қызын зорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бірақ ол қадағалау құрылғысын шешіп алып, үйінде қалдырып, бұрынғы сүйген қызының үйіне барған. Кездесуден соң қыз зорлық көргенін мәлімдеді. Бұл деректі полиция растады. Алға аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір полицей уақытша ұстау изоляторында отыр.

«Бұл оқиға бойынша Алға аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,  деп мәлімдеді полиция басқармасы. 

Еске сала кетсек, Астанада жолдағы айыппұлдарды кінәсі жоқ адамдарға аударған полицей әйел сотталды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар