P. Diddу қыз зорлағаны үшін 50 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: Angela Weiss/ AFP
Нью-Йоркте американдық рэпер және музыка әлеміндегі танымал жұлдыз P. Diddy-ге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Музыкантқа бірден бес бап бойынша айып тағылып жатыр. P. Diddy-ге адам саудасымен айналысып, жасөспірімдерге жыныстық зорлық-зомбылық жасаған және әйелдерді жезөкшелікке тартқан деген айып тағылды. Прокурорлардың пікірінше, музыкант өзінің атақ-даңқына сеніп қыздарды пайдаланған. Әрі ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.
P. Diddy сот залына келді. Таңертеңнен бастап ғимаратты БАҚ өкілдері қоршап алды. Олар Комбстың анасы мен оның балаларын да суретке түсірді. 55 жастағы музыкант өзіне тағылған барлық айыпты мойындамай отыр.
Тергеу мәліметінше, ол әйелдерді тұншықтырып, ұрып, тепкілеп, шашынан сүйреген. Оларға ішімдік ішкізіп, есіркі қолдануға мәжбүрлеген. Ал оның қылмыстық тобы музыканттың нұсқауы бойынша АҚШ-та және өзге де шетелдерде қонақүй нөмірлерін әзірлеген. Бөлмеге арнайы жарықтандыру орнатқан, қосымша төсек-орын мен интимдік керек-жарақтарды түгендеген. Егер сот рэперді кінәлі деп тапса, ол 15 жылдан 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, рэпер 2024 жылдың күзінде ұсталған еді. Оның үстінен 120-дан аса арыз түскен. Арыз берушілердің көбі жасөспірім және кәмелеттік жасқа толмаған қыздар. Кейіннен оның ер адамдарды қорлағаны да белгілі болды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды