Өзбекстан президентінің қызы тағы бір қызметке тағайындалды

cover Фото: Өзбекстанның ұлттық паралимпиада комитеті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қызы Шахноза Мирзиёева Ұлттық паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне сайланды.

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шешім ұйымның атқару комитетінің отырысында қабылданды.

«Ұлттық паралимпиадалық отбасы атынан  жаңа жауапты лауазымымен құттықтаймыз әрі оның қызметіне сәттілік тілейміз», — делінген хабарламада. 

2023 жылдан бері Шахноза Мирзиеева Өзбекстан президенті жанындағы ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі директорының бірінші орынбасары. Сонымен қатар, Шахноза Мирзиёева Өзбекстанның мектепке дейінгі білім беру министрлігінде  2017 жылы құрылған мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясатты қалыптастыру және стратегиялық даму жөніндегі департаментті басқарады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар