«Өз ойыныммен дәлелдеймін»: Дінмұхамед Қашкен сыни пікірге жауап қатты
Фото: Kff
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Жетісу» футбол клубының ойыншысы Дінмұхамед Қашкен өзіне қатысты теріс пікірлерге жауап қатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол өз сөзінде бапкер қабілетін дәлелдеу үшін мүмкіндік бергенін айтты.
«Әркімнің өзіндік пікірі бар. Бұл – норма. Мен жай ғана өз ойыныммен дәлелдеймін. Бапкер маған өзімді көрсету үшін мүмкіндік беріп отыр. Құдай қаласа, өзімді көрсетіп, дәлелдеймін», – деді Дінмұхамед Қашкен.
Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы алдағы болатын Солтүстік Македония мен Лихтенштейнге қарсы ойында шығатын өзінің құрамын жариялаған еді. Тізімде қазақстандық блогер Мерей Әбілованың күйеуі Дінмұхамед Қашкен де ұлттық құрамаға шақыртылған болатын. Бұған футбол сүйер қауым теріс пікір білдірді.
10 қазан күні Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана аренада» Лихтенштейн құрамасымен кездесіп 4:0 есебімен жеңіске жетті. Алайда Дінмұхамед Қашкен негізгі құрамда емес, тек қосалқы құрамда болды.
Жаңалықтар
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады