Өз ағзасын сатуға оқталған адам жазадан құтылып кетті

cover Фото: Orda.kz

Түркістан қаласының ауданаралық соты тірі адамның ағзасын заңсыз сатуға әрекет жасаған М.-ге қатысты қылмыстық істің сот шешімін шығарды деп хабарлайды Orda.kz.

2025 жылғы ақпанда М. өзінің бүйрегін сату мақсатында «Телеграмм» арқылы жарнама жариялап, 13 млн теңгеге сататынын айтқан. Алайда, ішкі істер органдары қызметкері «А» есімді тұлғамен кездесу кезінде 5 млн теңгені қолма-қол алған сәтінде ұсталған.

Сотта М. өз кінәсін толық мойындап, әрекетке ауыр қаржылық жағдайы себеп болғанын айтты. Жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататыны мен ешкімге зиян келтірілмегенін ескере отырып, сот «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» заңын қолданды.

Нәтижесінде, 5 ақпанда сотталушы М. қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс жүргізу тоқтатылды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салар болсақ, Түркістан облысы, Арыс қаласының тумасы Ербол бүйрегін сатып, қарызынан құтылмақ болды. Бірақ алаяқтардың қолына түсіп, өмірі астан-кестең болды. Ербол Orda.kz редакциясына қалай алданып, бүйрегінен де, ақшасынан да айырылғанын айтып берді. Қазіргі таңда Ерболдың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тіпті бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

Оқи отырыңыздар:

«Идеология емес, ұлттық мүдде»: Тоқаев Қазақстанның жаңа геосаяси таңдауын айтты

Оразада азық-түлік бағасы арзандайтыны рас па? Бас мүфти үндеу жасады

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар