Отбасын асырау үшін жезөкшелікпен айналысатын әйелдің тағдыры

cover Фото: freepik.com

Кедейшілік пен жұмыссыздық салдарынан мыңға жуық түркімен әйел жезөкшелікпен айналысады, деп хабарлайды Orda.kz Aзаттыққа сілтеме жасап.

Түркімен әйелдері күш көрсету мен полиция тарапынан еңбекті қанау, қоғамдық айыптауларға кезіккендерін айтты. Кейіпкерлердің бірі – Марал есімді келіншек.

Марал кішкентай екі баласын асырау үшін коммерциялық секспен айналысады. Келіншек төрт жыл бұрын қаржы тапшылығынан құтылу үшін осы жолға келген. 

Елдің оңтүстік-шығысындағы Түркіменқала елді мекенінде тұратын Марал Түркияға нәпақа табуға кеткен күйеуі аударатын ақшаға тәуелді болған. Бірақ әйелдің сөзінше, уақыт өте келе күйеуі ақша аударуды доғарып, онымен қарым-қатынасын үзген.

Марал жергілікті еңбекпен қамту орталығына тіркелген, алайда жұмыс таба алмаған. Мақта алқаптарында уақытша жұмыс істеген. Бірақ жалақысы отбасын асырауға жетпепті.


«Маған көмектесетін ешкім болған жоқ. Қарт ата-анам бар, ал енемнің денсаулығы нашар. Әлеуметтік қызметке көмек сұрап, талай рет бардым, бірақ ешқандай көмек болмады», - дейді Марал.

Түркіменстанда жезөкшелікке тыйым салынған және коммерциялық секс жұмысшыларының көбі мұны отбасынан жасыруға тырысады. Түркіменстанда жезөкшелікпен айналысқандар қылмыстық жауапкершілікпен қудаланады. Бірінші рет ұсталғандарға айыппұл салынады, қайталағандар екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Тыйым мен қоғамдық айыптауларға қарамастан Түркіменстанда жезөкшелік ұзақ жылдардан бері бар.  Сонымен қатар күнкөріс үшін дуық арады тыйылатын түрі жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар