«Өскемендегі жас хоккейшінің қазасы»: Сот айыпталушыға қатысты үкімді қайта қарады
Фото: Иван Пыленканың туыстары ұсынған сурет
Өткен жылдың тамыз айында Өскемендегі спорт сарайында «Торпедо» хоккей клубы ойыншылары арасында жанжал болған. Жанжал кезінде 19 жастағы Иван Пыленка қаза тапты. Жас хоккейші құлап, басын соғып алған. Ол ауруханаға жетпей жолда көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Өскемен қалалық соты Андрей Логуновты «абайсызда өлімге себепкер болды» деп айыптады. Ол 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылыққа іліккен еді.
Бүгін ШҚО облыстық соты бұл үкімді қайта қарап, Логуновты кінәлі деп тауып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленуші тараптың азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды.
Андрей Логунов пен залдағы жұрт мұндай шешімді күтпеген еді. Сотталушының жары мен кішкентай баласы бар.
Айта кетейік, Түркістанда қомақты қаражат жымқырған бұрынғы бас дәрігер қолға түсті.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды