Өскемен өнеркәсібі қаланы қою газ бен түтінге орады

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

19 мамыр күні Өскемен қаласындағы Согра шағын ауданындағы титан-магний комбинаты маңындағы өндірістік аймақта түтін шығып, жағдай ушықты. Әлеуметтік желілерде аудан үстін басқан қою қара түтін бейнеленген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға орнына экологтар аттанды. Экология департаментінің мәліметінше, ауа құрамын өлшеу барысында хлордың рұқсат етілген шегінен асып кеткені тіркелген.

Әкімдік өкілдері жағдайды облыс басшылығы бақылауға алғанын хабарлады. Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ. Дегенмен барлық тиісті және шұғыл қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Билік өкілдері қала тұрғындарынан көшеге жиі шықпауды, терезе мен есіктерді жауып, көп мөлшерде су ішуді сұрап отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар