Оскар марапатының биылғы жүргізушілері белгілі болды

cover

2021 жылы Оскар марапаттау рәсімінің жүргізушілері актер Брэд Питт пен актриса Зендая болады. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылардың Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Марапаттау рәсіміне Холли Берри, Хоакин Феникс, Лаура Дерн, Рене Зеллвегер, Риз Уиттерспун және Харрисон Форд сияқты танымал актерлер қатысады. Олар лауреаттарға Алтын мүсіншелерді тапсырады.

Оскар марапатын тапсыру рәсімі 25 сәуірде Лос-Анджелестегі Dolby Theater ғимаратында өтеді. Дәстүр бойынша іс-шара американдық теледидарлар мен желіде көрсетіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар