Өрт сөндірушілер уақытында келмесе - жанып кеткен үйдің құнын өтейді
фото: Envato
Алматы облыстық соты өрт сөндірушілерді ауыл тұрғынының өртенген үйінің құнын өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды Orda.kz.
2023 жылдың мамыр айында Алматы облысының Елтай ауылында өрт шығып, құрғақ шөп өртенді. 17:30-да жергілікті тұрғын өрт сөндірушілерге хабарласып, жалынның үйіне қауіпті жақындағанын жеткізді. Алайда өрт сөндірушілер жауап қатпады.
Үй иесі өрт сөндірушілерді күтіп тұрғанда, жалын оның үйін шарпыды. Әкімдік өкілі мен жергілікті тұрғындар қолда бар құралдармен өртті сөндіруге мәжбүр болды.
Сағат 22:40-та ғана өрт сөндірушілер оқиға орнына келді, бірақ ол кезде үй түгелдей жанып кеткен еді. Материалдық шығын 11,9 млн теңге болды.
Жәбірленуші сотқа жүгініп, өрт сөндірушілер мен әкімдіктің әрекетсіздігін заңсыз деп тануды, сондай-ақ келтірілген шығынды өтеуді талап етті.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?