«Өрт қауіпсіздігінің жақсарғанын көрмедік»: Бектенов Жетісайдағы трагедияға қатысты пікір білдірді
Коллаж: Orda.kz
Алғабас ауылындағы жантүршігерлік өрттен кейін министрлер кабинеті тексеру жүргізіп, маңызды шаралар туралы хабар бере бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкімет отырысында олар ішінара кеше хабарлағандарын қайталады. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиғаның себептерін тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл топты вице-премьер Қанат Бозымбаев басқаруда. Оның құрамына бірнеше ведомстволардың өкілдері кірді.
Премьер-министр Олжас Бектенов Жетісай ауданындағы қайғылы оқиға шұғыл қорытындылар мен іс-қимылдарды талап ететінін айтты. «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Кеше Бозымбаев тұрғын үйлерді, жатақханаларды жаппай тексеруді тапсырды. Бүгін Бектенов осы жағдайға назар аударуды талап етті.
Олжас Бектенов зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек, оның ішінде материалдық және медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті.
«Жалпы, жылу беру маусымы басталғалы тұрғын үй секторында өрт оқиғаларының саны өсіп барады. Біз бұл мәселені қазан айында үкімет отырысында қарадық. Алайда, жағдайдың жақсарғанын әзірге көріп отырған жоқпыз», — деді Олжас Бектенов.
Қазір барлығы 12 адамды ажал құштырған қорқынышты өрттің неден шыққаны белгісіз. Бұл сұраққа ресми жауап әлі берілмеді.
Айта кетейік, Алғабаста 12 адамның өмірін жалмап кеткен өртен аман қалған үш адамның бірі кеше кешке есін жиды.
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімажанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес