Орман өртімен күресуге бөлінген миллиардтаған теңге игерілмеген
Бүгін Мәжілісте өткен жалпы отырыста депутаттар орман өртінің жиілеп бара жатқанын айтты.
Депутат Ажар Сағындықованың айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанда орман өртінің саны артқан.
«Мемлекет басшысы орман өрттерін ерте анықтау жүйесін тезірек енгізуді тапсырды. Алайда, Жоғарғы есеп палатасының мәліметінше, Экология министрлігі екі ерте хабарлау жүйесін орнатуға бөлінген 4,1 миллиард теңгені игермеген. Ал төтенше жағдайлар министрлігі екі тікұшақ пен екі аурухана сатып алуға арналған 6,6 миллиард теңгені игермеген. Бюджеттік қаражаттың бөлінгеніне қарамастан тәуекелге бел буып отырмыз. «Үкімет ормандарды сақтау үшін қандай шара қолданады және қаржыны игермегендер қандай жауапкершілікке тартылады деген сұрақ туындайды», – деді депутат.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өткен жылы азаматтық қорғаныс саласындағы 2020-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспары аясында, өртті ерте анықтау құрылғыларын сатып алуға 4,1 млрд теңге жоспарланғанын түсіндірді. Мемлекеттік сатып алудан кейін 2 млрд 860 млн теңгеге екі жүйе сатып алынып, «Көкшетау» ұлттық паркі мен «Ертіс орманы» мемлекеттік қорығына орнатылған.
«Бурабай ұлттық саябағы мен «Медеу» өңірлік табиғи саябағында дәл осындай жүйелер қазірдің өзінде жұмыс істейді. Бурабай ұлттық саябағында жүйені енгізу жоғары тиімділік көрсетті: өрттің орташа ауданы 80-нен 1,5 гектарға дейін қысқарды. 2025 жылы Семей Орманы қорығында осындай жүйе орнатуға өтінім дайындалды», - деп жауап берді вице-премьер.
Тікұшақтарға қатысты Бозымбаев өткен жылы екі тікұшақ сатып алуға 8,8 млрд теңге жоспарланғанын, бірақ келісімге келу мүмкін болмағандықтан қаржы бюджетке қайтарылғанын атап өтті.
«Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша үш МИ-8 тікұшағын және бір еурокоптерді, сондай-ақ лизингке үш МИ-8 АМТ тікұшағын және төрт мамандандырылған К-32 тікұшағын сатып алуды жоспарлап отыр. 2025-2027 жылдары қосымша сегіз МИ-8 АМТ тікұшағын сатып алу жоспарлануда», - деп түсіндірді Қанат Бозымбаев.
Вице-премьер далалық ауруханаларға қатысты ақша бөлінгенін, бірақ жеткізуші конкурс шарттарын орындамай, қаржы бюджетке қайтарылғанын айтты. Өрт сөндіру техникасы мен тікұшақтарға басымдық берілгендіктен, биыл аурухана сатып алынған жоқ. Ол келер жылға жоспарлануда.
Қаражаттың игерілмеуі салдарынан Төтенше жағдайлар министрлігінің 13 лауазымды тұлғасы, оның ішінде жеті басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды