Orda.kz журналисі Сандуғаш Дүйсенова жариялаған мақалалары үшін полицияға шақырылды
Фото: Facebook Сандуғаш Дүйсенова
Orda.kz журналисі Сандуғаш Дүйсенова жариялаған мақалалары үшін полицияға шақырылды. 22 сәуір күні сағат 17:00-де тілшімізге полиция департаментіне шақырту келген.
Сандуғаш Дүйсенованың өзі оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кейін ол куәгер ретінде жауап алуға шақырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы оған Жетісу облыстық полиция басқармасының өкілдері телефон арқылы хабарлаған.
«Мен сағат 17:00-де полицияға баруым керек. Біреу мені әдейі жалған ақпарат жариялаған деп сыртымнан тон пішкен көрінеді. Мен кімнің жолын кесіп өткенімді білмеймін. Бірақ қазір куәлік беруім керек. Мен заңсыз ештеңе істеген жоқпын, мен жай ғана білетін фактілерді айттым», — деді ол.
Қылмыстық іс қозғауға Сандуғаштың 2025 жылдың қаңтарында Талдықорғанда Бақпаевтар әулетінің үйінде болған өрт туралы жарияланымы себеп болуы мүмкін.
Бұған дейін Сандуғаш Дүйсенованың өткір материалдары мемлекеттік қызметкерлерді ұдайы тұқыртып отырды. Олар үнемі журналист пен редакцияны сотқа беретіндерін айтып, сес көрсететін.
Жаңалықтар
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққылардың қарқындылығын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті