Orda.kz сайты Қазақстан аумағында бұғатталды

cover

Біздің сайтымыз әлемнің кез келген нүктесінен ашылып тұр. Алайда өз елімізде ашылмай тұр, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сайтымыздың қазақ және ағылшын тіліндегі беттері әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Ал орыс тіліндегі бет ашылмай тұр.  

Мәселені әзір шеше алар емеспіз. Бұл біздің құзырымыздағы іс емес. 

Еске сала кетсек, тілшілеріміз орыс тілінде бұған дейін Қазақстанның басқару жүйесіне қатысты үлкен зерттеу мақалалар жазған еді.  Бұл енді ықпалды, лауазымды тұлғалардың шешіміне байланысты қайта реттелетін жағдай деп қана топшылай аламыз. 

Бізді әлеуметтік желілерден оқыңыздар. Біз сіздермен біргеміз және қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Қазақ тілінде ақпаратты ары қарай тарата береміз. 

Құрметпен, Orda.kz редакциясы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар