Orda.kz редакциясына қаруланған әскерилер келіп, тінту жүргізіп жатыр
Фото: Orda.kz
Orda.kz редакциясына қара киінген арнайы әскери адамдан келіп тінту жүргізіп жатыр. Біз Алматыдағы әріптестерімізге шамамен бір сағаттан бері хабарласа алмай отырмыз. Адвокатымыз барған кезде де еш нәрсе түсіндірместен әскерилер есікті тарс жауып алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласындағы редакцияда тінту жүріп жатыр. Ғимарат маңында қара киімдегі адамдар жүр, нөмірсіз көліктер тұр. Қазір жағдайды Orda.kz адвокаттары анықтап жатыр.

Адвокат Мұрат Адам кеңсеге келсе де, оны ішке кіргізбеді. Оның айтуынша, қаруланған әскерилер құжаттары мен қорғаушы ретіндегі мәртебесін көрсе де оны итеріп шығарып жіберді.
«Тергеу әрекеттеріне қатысуға құқығым бар, бірақ мені кіргізбеді. Бұл адвокат ретіндегі қызметіме кедергі келтіру. Шағымдарды дайындап жатырмын», — деді ол.
Еске сала кетсек, тәуелсіз «Орда» редакциясына бұған дейінгі шабуылдан кейін Гүлнәр Бажкенова Еуропалық ұйымның жиынында сөз сөйлеген еді.
Редакцияның заңгері Ольга Диденко Azattyq тілшілеріне оны ғимаратқа кіргізбегенін растады. Оның сөзіне қарағанда, оған тінту туралы қаулы немесе рұқсат қағаздары көрсетілмеген.

«Тергеу әрекеттерін кім жүргізіп жатқанын, қандай бап бойынша қылмыстық іс ашылғанын және кімге қатысты екенін білмейміз. Топ басшысы ешбір сұраққа жауап бермейді», — деді ол.
Қадірлі оқырман, Orda.kz ары қарай ақпарат таратуды жалғастырады. Істің мән-жайынан хабар беріп отырамыз.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады