Оралдық белсенділерге Республика күнінде митиң өткізуге рұқсат берілмеді

cover Фото: бейнеден кадр

Оралда азаматтық белсенділер Бекбoлат Өтебаев пен Роза Қариева 25 қазанда Республика күніне орай бейбіт митиң өткізуді жоспарлаған. Алайда мұны әкімшілік мақұлдамады, деп хабарлайды Orda.kz.

Акция барысында олар әлеуметтік мәселелерді, азық-түлік пен коммуналдық қызмет бағасының қымбаттығын, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақының төмендігін көтермек болған.

Белсенділер митиң өткізу туралы өтінішті 22 қыркүйекте берген. Алайда 24 қыркүйекте қала әкімдігі оларды өткізуге рұқсат бермей, ресми жауап жолдаған.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Аслан Тәпішев қол қойған құжатта дәл сол уақытта және «Қазақстанның даңқты қыздары» саябағында жастар қанаты «Жастар Рухы» ұйымдастыратын «Ашық микрофон» және «Квест» шаралары өтпек.

«Осыған байланысты Орал қаласы әкімдігі сіздер өтініш берген митиң өткізуге рұқсат бермеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, 25 қазанда Республика күніне орай барлық балама орындар іс-шараларға бөлінгендіктен, сіздерге басқа алаң ұсыну мүмкін емес» деп жазылған әкімдіктің жауабында.

Шенеунік сондай-ақ, алдын ала келіспей акцияға шыққандар заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Айта кетейік, Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің Қызылордада отырғанына 10 ай болды. Құқық қорғаушылар Қызылордаға барып Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайын білді. Бүгін жақтастары арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, Мұхаммедкәрімнің жазған хатын оқыды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар