Оралда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

cover Фото: Orda.kz

Оралда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Қайғылы жол апаты 1 қаңтар күні болған. Ақжайық ауданының ІІБ көші-қон қызметкері адам қағып кеткен. Жүргінші оқиға орнында мерт болды. 

БҚО полиция департаменті апат фактісін растады. Департамент ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, апат жарық орнатылмаған жолда болған екен.

Адам қаққан полиция қызметкері қызметінен босатылды. Полиция басқа ақпараттың жария етілмейтінін мәлімдеді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар