Оралда науқас ауруханадан қашамын деп, қаза тапты

cover

Орал қалалық көпбейінді ауруханада 65 жастағы науқас мерт болды. Ер адам ғимараттың үшінші қабатынан секіремін деп, жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Оны құтқарып қалу мүмкін болмады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

20 маусымда қария артериялық гипертензиямен ауруханаға түскен. 21 маусымда ауруханадан шығуға өтініш білдірген. Бірақ оның жұбайы ер адамның өтінішімен келіспеді.

Дәрігерлер тексеріс кезінде науқастың депрессияға түскенін көріп, оған психологтың көмегін тағайындаған.

Анықталғандай, қария жақында жақынынан айрылып, қайғырып жүрген. Салдарынан ауруханаға да түскен.

– 22 маусымда таңертеңгі сағат алтыда пациенттің қысымын өлшенген, ол палатада қалады. Ер адам үшінші қабаттан секіріп (құлап) кетті. Оны таңертеңгі сағат жетіде медициналық мекеменің медбикесі тапты. Бірден дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы шақырылды. Дәрігерлер жансақтау бөлімінде ер адамның өмірі үшін екі сағат бойы күресті. Бірақ пациент қайтыс болды, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар