Оралда 15 жасар қыз тепловоз астына түсіп, аяғынан айырылды
фото: Мой город
Оралда 15 жасар Аруна 27 қыркүйекте теміржолдан өтпек болып, аяғынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылдың 27 қыркүйегінде түстен кейін болған қайғылы оқиғада Аруна үйден қалаға қарай жүріп бара жатып, теміржол өткелінде тепловоз астына түсті. Оң аяғын тізеге дейін және сол аяғының бас бармағын ампутациялады. Ол үш күрделі операциядан өтті және әлі де ауруханада жатыр.
«Сол күні мен жұмыста болдым, маған телефон соғып, қызым тепловоз астына түсті деп хабарлады. Ауруханаға келгенде, қызым аяғына қарамауды өтінді. Жақын маңдағы фельдшер көмек көрсетті. Арунаның өзі аяғын рельстен көтеріп, жанына қойып, курткамен жауып қойған екен», — деп баяндады қыздың анасы.
«Мой город» мәліметінше, дәрігерлер қызды шығарауға дайын, бірақ ол үйге қайтқысы келмейді.
«Үйде сағат сайын пойыздардың дауысы естіліп тұрады, әрі тұрмысқа қажетті жағдай жоқ. Аруна өзіне үйреніп қалған мұғалімдері үйіне келуі үшін мектебі мен тұратын жерін ауыстырғысы келмейді. Ол ауыр психологиялық жарақат алды, оны түсінуге болады. Ол қайтадан қалыпты өмір сүруді және жүруді үйренуі керек», — дейді Әсия.
Қағып кеткен тепловоз «ВЕСТ ТРАНС СЕРВИС» ЖШС-ге тиесілі. Компания директоры Құрманғазы Қажиденов қайғылы жағдайға түсініктеме беріп, отбасына көмектесуге және келісім-шарт бойынша пәтер жалдау ақысын төлеуге дайын екенін мәлімдеді.
«Біздің компания нарықта екі жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді, мұндай жағдай алғаш рет болды. Қазір тергеу жүргізілуде. Қыз қауіпсіздік ережелерін бұзды. Егер жол бойымен ережелерге сәйкес жүрсе, ол рельстерден бес метр қашықтықта болуы керек еді. Тепловозда еріп жүрген қызметкерлер болды, бірақ олар қызды байқамаған», — деді Құрманғазы Қажиденов.
Жаңалықтар
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды