Оңтүстік Кореяның жаңа президенті кім болады?
Фото: Depositphotos.com
Оңтүстік Корея халқы 3 маусым күні жаңа президенттерін таңдайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкімет президент сайлауының дәл осы күні өтетінін ресми түрде жариялады. Бұл шешім 8 сәуірде министрлер кабинеті отырысында қабылданды. Конституцияға сәйкес, сайлау мемлекет басшысы отставкаға кеткеннен кейін 60 күн ішінде өтуі керек. Мысалы, 2017 жылы Пак Кын Хе қызметінен кеткен соң, дауыс беру тура 60 күннен кейін ұйымдастырылған болатын.
Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер сайлауға түсу үшін 4 мамырға дейін отставкаға кетуі тиіс. Жаңа президент сайланған сәттен бастап қызметіне кіріседі.
Ұлттық сайлау комиссиясы кандидаттарды алдын ала тіркеуді бастап кетті. Құжат қабылдау 11 мамырда аяқталады, ал ресми үгіт-насихат 12 мамырда басталады. Бұрынғы еңбек министрі Ким Мун Су алғашқылардың бірі болып өз кандидатурасын ұсынды.
Оппозициялық демократиялық партияның жетекшісі Ли Чжэ Мен де сайлауға қатысады. Ол негізгі үміткерлердің бірі саналады. 2022 жылы өткен сайлауда Ли Чжэ Мен аз ғана ұпаймен жеңіліп қалған еді.
Айта кетейік, қаңтар айында елде әскери жағдай енгізілгеннен кейін президент Юн Сок Ёль қамауға алынды. Ол — Оңтүстік Корея тарихында тұтқындалған алғашқы мемлекет басшысы. Юн Сок Ёль 15 қаңтарда ұсталып, келесі күні жауап алуға қатысудан бас тартқан. Оның жұбайы да қылмыстық іс аясында күдікті деп танылды.
4 сәуірде Юн Сок Ёль президент қызметінен ресми түрде шеттетілді.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды