Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды
Фото: Yonhap
Сеулдің Орталық аудандық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жары, бұрынғы бірінші ханым Ким Гон Хиге бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұрынғы бірінші ханым шіркеу мүдделеріне ықпал ету үшін қымбат сыйлықтар, соның ішінде Chanel сөмкелері мен гауһар алқа алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, сот Ким Гон Хиді акция бағаларын өзгерту және саяси қаржыландыру заңын бұзу бойынша айыптардан ақтады. Оған жеткілікті дәлел табылмады. Прокуратура қатаң жаза сұрап, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырып, ірі айыппұл салуды талап еткен еді. Сотталушы өз кінәсін жоққа шығарды.
Айта кетейік, жуырда ғана Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге үкім шықты. Ол елде төтенше әскери жағдай жариялағаны үшін 5 жылға сотталды.
Юн Сок Ёль 2025 жылғы 15 қаңтарда қамауға алынды. Ал сәуір айында конституциялық сот импичмент жариялап, ресми түрде Юн Сок Ёльді қызметінен босатты. Кейін екі айдан соң елде кезектен тыс сайлау өтті. Сайлауда «Тобуро» демократиялық партиясының өкілі, 61 жастағы Ли Чжэ Мён жеңіске жетті.
Айта кетейік, Юн Сок Ёль Оңтүстік Корея тарихында қамауға алынған алғашқы мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты