Оңтүстік Корея президенті қызметінен біржола шеттетілді
Коллаж: Orda.kz
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен біржола шеттетілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Елдің конституциялық соты импичментті растады және ресми түрде Юн Сок Ёльді қызметінен босатты. 2024 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Кореяда әскери төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы ел президенті Юн Сок Ёль халқына жолдауында мәлімдеді. Оңтүстік Корея соты президентті әскери жағдай енгізгені үшін айыптады және парламентке күштік қысым жасағанын атап өтті.
Сот шешімі дереу күшіне енді. Енді Оңтүстік Кореяда 60 күн ішінде президенттік сайлау өтуі тиіс. Билік сайлауды 3 маусымда өтеді деп жоспарлап отыр.
Әскери жағдай енгізгеннен кейін қаңтар айында Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды. Юн Сок Ёль ел тарихында қамауға алынған алғашқы мемлекет басшысы. Ол 15 қаңтар күні ұсталды. Ал 16 қаңтар күні президент жауап алудың екінші күніне қатысудан бас тартты. Юн Сок Ёльдің әйелі де күдікті деп танылды.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды