Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
Фото: SCAT Airlines
SCAT Airlines әуе компаниясы Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша Boeing 767 ұшағымен DV5361 арнайы рейсін орындады, деп хабарлайды Orda.kz.
СІМ өкілі Ерлан Жетібаев қазақстандықтардың басым бөлігі Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Сауд Арабиясы аумағында екенін нақтылады.
Жалпы Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағында 9 мыңнан астам қазақстандық бар. Оның ішінде Иранда – 47 адам, Израильде – 163 адам, Катарда – 3 мыңнан астам, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 4 мыңнан астам және Сауд Арабиясында шамамен 1,8 мың адам бар, – деді ол.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 946 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.
Сонымен қатар 4-наурызда Оман астанасы — Маскат қаласынан SCAT Airlines әуе компаниясы арқылы Қазақстанға 314 адам жеткізілді. Олардың қатарында балаларымен бірге сапарлаған жолаушылар да бар.
Бұл жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және әуе тасымалдаушыларымен бірлесе жүргізілуде. Мұндай арнайы рейстер күрделі халықаралық жағдай мен кейбір әуе бағыттарындағы шектеулер кезінде азаматтардың қауіпсіз түрде елге оралуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Арнайы рейстерді ұйымдастыру – шетелдегі Қазақстан азаматтарын қорғау шараларының бір бөлігі. Осындай жағдайларда мемлекеттік құрылымдар мен әуе компанияларының өзара іс-қимылы эвакуация және азаматтарды елге қайтару мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдықтармен бірлесіп, қазақстандықтарды эвакуациялау үшін арнайы рейстер мен жерүсті тасымалын ұйымдастыруда. Алғашқы 278 адам Оманнан Алматыға жөнелді, жалпы 467 азаматты елге қайтып оралды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты