Олжас Әбішев Ажар Ғинияттың арызымен қозғалған іс жабылғанын айтты
Коллаж: Orda.kz
Бұрынғы Денсаулық сақтау мниистрі Ажар Ғиният, бұрынғы вице-министр болған Олжас Әбішевтің үстінен полицияға арыз түсірген болатын. Алайда іс Әбішевтің қызметтен кеткеннен кейін жабылған, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Олжас Әбішев Ажар Ғиният оның мазасын алғанын айтады.
«Бір жыл бойы менен ғана емес, әйелімнен де жауап алып, жұбайым мен менің телефонымды тәркіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы барлық әкімшілік билігін отбасыма қолданды. Бірақ, олар айтқандай, ештеңе мәңгілік емес. Шамасы министр Ғиният қызметінен кеткеннен кейін, әкімшілік билік күшін жоғалтты. Ал іс бірден тоқтатылды» деп жазды Әбішев.
Айта кетейік, бір жыл бұрын экс-министр Әбішевтің үстінен арыз жазып, қылмыстық іс қозғатқан. Алайда Әбішев істің тоқтатылуы туралы ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде бар екенін түсіндірді.
«Ғиният менің және әйелімнің үстінен полицияға арыз жазып, не көздеді екен? Бір жыл бұрын жұмыс істемейді деген платформаға қатысты өтінішті қарау барысында сол кездегі денсаулық сақтау министрі Ғиният пен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері Балтабекова үстімнен полицияға арыз жазып, жаңадан қылмыстық іс қозғады. Бұл мені жаңа қылмыстық іспен қорқыту үшін жасалса керек. Өйткені сотта жұмыс істемейтін платформаға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің барлық уәждерінің талқаны шықты», - деді бұрынғы вице-министр.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды