«Оқтаумен ұрып, тыр жалаңаш суыққа шығарған»: Патронаттық отбасыда қандай былықтар бар?
Фото: Envato
Қарағандыда асырап алған ата-аналар алты баланы азаптап, қорлады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушылар күйеуі, әйелі және қызы. Отбасы балалар үйінен 6 баланы асырап алып, оларды құлдыққа салған. Бірінші бала асырап алынған кезінде ол 8 жаста болған, ал қазір оның жасы 16-да. Ол сотта бастапқыда оны жақсы қабылдағанын, бірақ «қорған болуды» түпкілікті ресімдегеннен кейін жағдай өзгергенін айтты. Оны қораны көңнен тазартып, аумақты тазалауға мәжбүрледі. Басында бір дастарханда тамақ ішіп, кейін оған қалған тамақтарды беріп отырған.
«Маған қалған-құтқандарын берді. Өздері жеп болған соң, қалғанын маған беретін. Көшеде жүрген құрттарды да жеуге мәжбүрледі», – деді жасөспірім.
Прокурордың сұрақтарына жауап бере отырып, ол асырап алған ата-ана мен олардың төрт баласының аты-жөнін атады.
Баланың айтуынша, ол тамақты аз жейтін әрі тамақ сұрауға қорқатын. Өйткені оны жиі ұрып-соғып, тіпті қамшымен де сабайтын. Асырап алған әкесі баланы аязға жалаңаш шығарып, содан кейін ұрып-соғатын, тіпті бала екі рет қашып кетуге тырысқан. Асырап алған анасы басынан оқтаумен ұрған соң, балаға ота жасалып, бас сүйегіне металл пластина қойылып, мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне жіберілген.
Еске сала кетейік, бұған дейін 7-қабаттан құлап, мерт болған Ақнәрдің құрбысы оқиға болған күнді өз нұсқасын айтып, баяндап берген еді.
Жаңалықтар
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті