«Облыс әкімі отставкаға кетсін»: Алматыдағы Бағанашыл балалар үйінің жеткіншектері әкімдікке қарсы тұрды

Алматыдағы №1 балалар үйін Қонаев қаласына ауыстыру туралы шешімге бүгін балалар қарсы шығып, автобустың жолын бөгеп, наразылық танытты. Олар кішкентай топтың балаларын алып кетуге қарсылық танытып, қақпаның алдына тұрып алды. Балалар қарсыласқан соң, әкімдік полиция қызметкерлерін шақырып, шара қолданбақ болды. Содан жазықсыз балалардың кейбіреуі жарақат алды.
Orda.kz тілшісі Бағанашылда орналасқан балалар үйіне барып, оқиға орнынан тікелей ақпарат таратты.
БАҚ өкілдері келмей тұрып, таңғы 8:00-дер шамасында ғимарат алдына автобустар келіп тоқтап, балаларды алып кетуге тырысқанымен, балалар оларға қарсылық танытып, автобусты жүргізбей қойды. Содан балалардың кейбірі жарақат алса, бірі оқиға орнында талып қалды.
Алматыдағы №1 балалар үйінің директоры Роза Бекішева мен Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек балаларды Бағанашылдан Қонаевқа көшіру туралы ашық сөйлесті. Депутат алдымен балалардың ешқайда көшірілмейтінін мәлімдегені туралы еске салды.
«Мен үшін ең бастысы – заңның үстемдігі. Балалардың құқығымен санасу керек. Қазір барлығын қырып тұрып көшіріп жатырсыздар. Балалардың келісімі болды дейсіз. Бірақ бұл мәселе бойынша тәуелсіз комиссия құрылмады. Журналистер мен қоғам өкілдерін шақырмадыңыздар», – деді депутат Бақытжан Базарбек.
Директор болса, балалар мен тәрбиешілердің келісімімен ғана әрекет етіп жатқанын мәлімдеді.
«Біздің тарапымыздан ешқандай күштеу болған жоқ. Балалар мен тәрбиешілердің келісімімен көшірілді. Барлық балаға сұрақ қойылып, екі топтың келісімі алынды», – деді Роза Бекішова.
Депутат сөз соңында мәселенің қоғаммен санаспай, атүсті шешіліп жатқанын сынға алды. Оны айтуынша, шу көтерілмей тұрып осының бәрін ашық жасап, құжаттарды жариялауға болар еді. Қоғам мен БАҚ өкілдеріне мемлекеттік сараптаманы, әкімнің қаулысын, құрылыс компаниясының қорытындысын ашық көрсетуі тиіс еді. Ал Бекішова бұл мәселе бойынша, жауап беруді білім басқармасына жүктеді.
«Бұл сұрақтар облыс әкімдігіне немесе білім басқармасына қойылуы керек. Мен соларға бағынамын. Бізге солар жалақы төлейді».
Қоғам қайраткері Аружан Сайынның айтуынша, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу керек және оған жүргізілген заңды, ресми мемлекеттік сараптама, жобалық-сметалық құжаттама бар. Сол құжатта күрделі жөндеу бойынша нақты жоспар болған.
«Әкімдік осы жұмыстардың барлығын жүргізіп, байқау жариялап, қаржы бөліп, 2020 жылы осы ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуі керек еді. Мұның бәрі ескерусіз қалды және бүгін әкімдік «Астана Құрылыс сервис» ЖШС-нің қандай да бір қорытындыларына немесе актілеріне сілтеп отыр. Онда балалар үйінің ғимараты апатты, қалпына келтіруге жатпайды, мұнда болу қауіпті және т.б. екені жазылған. Ал бұл құжатты ешкім көрмеген және оның бар-жоғына көз жеткізе алмай отырмыз», – деді Аружан Сайын.
Осы даудан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың Алматыда білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және осы нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.
Президент кеңесшісі Руслан Желдібайдың мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «балалар үйі көшірілмейтін болды».
ҚР Оқу-ағарту министрлігіні де осы оқиға бойынша ресми жауабын берді. Олардың мәліметінше, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге қазір балалар үйінде.
Қалыптасқан жағдайға байланысты балаларға қажетті психологиялық қолдау көрсетіледі. Балалардың заңнамада кепілдік берілген барлық құқықтары қатаң сақталады».
Сонымен қатар осы, осы оқиғаға байланысты Бақытжан Базарбек Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазинді орнынан босату туралы Тоқаевқа өтініш жасады.
«Бағанашылдағы балалар үйі төңірегіндегі туған дау үшін және қоғамға берген ашық уәдесі үшін президент Тоқаевтан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің отставкаға кетуін сұраймын» деп жазды депутат өзінің Facebook парақшасына.
Айта кетейік, бұған дейін Orda.kz тілшілері Қонаев қаласындағы жаңадан салынған балалар үйіне барып, ғимараттың шын мәнінде қандай жағдайда екенін анықтап қайтқан болатын.
Жаңалықтар
- Қайрат» футбол клубының «Пафосқа» қарсы құрамы анықталды
- Мүгедек баласына қарайласпаған депутатты «Amanat» партиясы қорғаштап отыр ма?
- «Азаттық» радиосының жетекшісі редакцияға ақпараттық шабуыл жасалғанын мәлімдеді
- Түрмеден қашып шыққан педофил тағы да бала зорлады
- Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш президент мұражайында экскурсия кезінде көзге түсті
- Назарбаеваның рухына құран оқылып, ас берілді
- Қазақстанда 17 жасқа толған жігіттер бірден әскери есепке алынады
- Ақтөбеде дәрігердің мүрдесін мұздатқышта сақтаған мейіргерге прокурор 20 жыл сұрады
- Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері 150 мың теңгеден сатылып жатыр
- Маңғыстаудағы жеке емдеу кабинетінде екі адам көз жұмды
- Qazaq Air жолаушысы алкоголь бермегені үшін бортсеріктерге тап берді
- Баганашылдағы жанжал ұмытылды ма?: Бұрынғы шенеунік қайтадан басшылық қызметке келді
- Ақтөбеде нағашы апайынан құқай көрген 5 балаға әкім пәтер береді
- «Алтын-Емел» саябағында Қызыл кітапқа енген құстарды аулаған депутат ұсталды
- Францияның экс-президенті Саркози абақтыға қамалды
- Жамбыл облысында баласының бетінен ұрған ер адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында оқушысы қайтыс болған мектептің директоры қызметіне оралды
- «Оң аяғын кесіп тастады»: Семейде 23 жастағы жігітті пойыз қағып кетті
- Алматыда қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты
- Техаста екі Қазақстан азаматы қолға түсті