Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі банкрот деп танылды
Фото: gov.kz
Марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа қатысты банкроттық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол шамамен 57 млрд теңгеден айырылған.
Дереккөздердің мәліметінше, Нұрбол Назарбаевтың есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынған. Компаниялардағы үлестеріне шектеу қойылып, елден шығуға да рұқсат жоқ.
Еске сала кетейік, Нұрбол Назарбаев – марқұм Болат Назарбаевтың ұлы, елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Ол бірнеше жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып, Алматыдағы ірі нарықтар мен жер телімдеріне иелік еткені жөнінде жиі айтылып келген.
2025 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен оның 57 млрд теңге көлеміндегі активтері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған қоса, 925 млн теңге айыппұл және 230,4 млн теңге көлемінде келтірілген залалды өтеу міндеттелді. Барлық банк шоттары бұғатталды.
Бұл жағдай Болат Назарбаев әулетіне қатысты алғашқы дау емес. Бұған дейін қоғамда олардың «Алтын Орда» базарына және Алматы маңындағы жер телімдеріне қатысты заңсыз иелену фактілері жиі талқыланған.
2023 жылы бірқатар БАҚ-та «Алтын Орда» нарығының айналасында рейдерлік жолмен иемдену туралы мәліметтер тараған. Кейін бұл ақпарат ресми органдар тарапынан нақты расталмағанымен, нарықтағы меншік құрылымына байланысты сұрақтар ашық күйінде қалған.
Бұған дейін де бірнеше депутат Назарбаев әулетінің бизнесіне байланысты тергеу жүргізуді талап еткен. 2025 жылдың қазан айының басында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым да Нұрбол Назарбаевтың істеріне қатысты қосымша тексеріс қажет екенін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды