Нұрлан Санжар айықты: Қазақстанда жазылмайтын аурудың бірі емделді

cover Коллаж: Orda.kz

Orda.kz редакциясы бұған дейін Нұрлан Санжардың өкпе ауруына шалдығып, жансақтау бөліміне жатып қалғанын жазған болатын. Ұлыстың ұлы күні редакциямызға сүйінші хабар келді. Нұрлан Санжарды медицинадағы жаңа әдіспен өкпе обырының 4 сатысына жеткен ауруынан емдеп алды. 

Ал қазақтың Қожасы «20 наурыз — менің екінші рет туған күнім болды» деді. 
Қадірлі оқырман, енді Қазақстанда өкпе ауруының (ХОБЛ) 4 сатысын емдеуге болатынын айтқалы отырмыз. 

Нұрлан Санжар әуелі халықтың «Құдай шипа берсін» деген тілегінің арқасында осындай ғажайыптың болғаны жайлы ойға қалғанын айтты. Еске сала кетсек, Orda.kz редакциясы Нұрлан Санжардың ауруы жайлы жазған болатын. 

«Сол кезде мемлекет пен медицина тарапынан айтарлықтай көмек болмады. Содан кейін сіз маған оқырмандардың пікірін жібердіңіз. Адамдардың бәрі құдіреттің күшімен бір мезетте Құдайдан менің өмірімді сақтап қалуын сұрап жатты. Тіпті жазылмайтын деп айтатын ауруға шалдыққан маған, олардың бұл тілегі біртүрлі қызық көрінді. Көзіме жас алдым. Ал содан кейін, жедел жәрдем Әл-Фараби даңғылымен жүйткіп бара жатқан сәтте жұбайым қолтығыма бір нәрсені қыстырып жіберді. Мен оны дұға деп ойладым. Содан кейін дәрігерлер мені жан-жаққа бұрып, айналдырып, таза оттегі берді. Жан дауысым шығып айқайладым, артынша есімнен танып қалдым. Сонымен есімді жиғанда, өзімді жәннатта оянғандай сезіндім. Айнала тып-тыныш, жаным жай тауып, еркін тыныстап жаттым. Сөйтсем, мені сондай бір жанға бататын ауыр әдіспен аман алып қалған екен. Рас, әйелімді науқас күйеуінің азабынан құтқарғым келіп, өлгім келді. Бірақ Құдай бізді айырмады, қайта қауыштырды. Бұл – ғажайып емес пе?», — деді Нұрлан Санжар. 

Әдетте «жазылмайтын жаман ауру» деп жататын бұл дертті жас маман қалай емдегенін дәрігердің өзінен сұрадық. Алдағы уақытта дәрігерден осы отаның қалай өткені жайлы хабар беретін боламыз.

Еске сала кетсек, Нұрлан Санжар – Еуропадағы Lambert академиялық баспасынан алты ғылыми кітабы жарық көрген ғалым, «Жошы», «Бату», «Періште», «Қызыл қар» романдарының авторы. Бұған қоса, баспадан шықпаған тоғыз қолжазбасы бар. Киносценарист ретінде де ол қазақ кино өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның «Оралман», «Өліара», «Аллажар» фильмдері қазақ киносының қоржынына қосылған үлкен мұра. Сонымен қатар Нұрлан Санжар Садық Шерімбек сценарийін жазған «Қожа. Жаңа саяхат» фильміне де түсті.

Orda.kz бұған дейін жазушыдан сұхбат алған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар