Нұрлан Оразбаев «Барыстың» бас директоры болып тағайындалды

cover Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оразбаев, бұрын хоккейші болған. Ол «Барысты» басқаруға осымен үшінші рет келіп отыр.

Бұл тағайындау Борис Иванищевтің қызметтен кетуінен кейін болды. Сонымен қатар, 25 қыркүйекте клуб ресейлік маман Вячеслав Буцаевты жаңа бас бапкер ретінде жариялады. «Барыс» Давид Немировскиймен әріптестікті тоқтатып, Макс Марковиц пен Стив МакГичидің де қызметтен кеткенін мәлімдеді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар