Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды

cover Фото: freepik.com

Норвегия полициясы Осло қаласындағы АҚШ елшілігі маңында болған жарылыс ісі бойынша үш адамды ұстады, деп хабарлайды Orda.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ұсталғандар – жасы 20 мен 29 аралығындағы ағайындылар. Олар Иракта туылған Норвегия азаматтары. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер адамдарды өлтіру немесе айтарлықтай зиян келтіру мақсатында қуатты жарылғыш құрылғыны іске қосқан болуы мүмкін.

«Қазір біз бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз», – деді тергеуші Кристиан Хатло. 

Оның айтуынша, шабуыл белгілі бір мемлекеттік құрылымның тапсырмасымен жасалған болуы мүмкін.

Жарылыс 8 наурызда болды. Полиция жарылыстың нақты себептерін ашып айтпады. Тек жарылғыш құрылғы қолданылғанын мәлімдеді.

Кейінірек Осло полициясы бұл жарылыс террористік әрекет болуы мүмкін екенін мәлімдеп, күдіктілерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар