Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
Фото: ANGELA WEISS
Монреальдан Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайына ұшып келген ұшақ қону кезінде өрт сөндіру көлігіне соғылды. Салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Orda.kz New York Post-қа сілтеме жасап.
Air Canada әуе компаниясының ұшағы өрт сөндіру көлігіне соғылып, порт әкімшілігінің екі қызметкері ауыр жарақат алды.
Зардап шеккен полиция қызметкерлері әуе кемелеріне қатысты төтенше жағдайларға әрекет ету үшін құрылған авиациялық құтқару және өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді.
Bombardier CRJ-900 ұшағының бортында 100 жолаушы болған. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тексеріліп жатыр.
Оқиғадан кейін Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайы уақытша жабылды. Рейстер айтарлықтай кешігуі мүмкін.
Айта кетейік, 2009 жылдың қаңтарында Ла-Гуардия әуежайынан ұшып шыққан ұшақ құстарға соғылған. Соның салдарынан әуе кемесінің екі қозғалтқышы да істен шыққан еді. Алайда ұшқыш Чесли Салленбергер ұшақты суға сәтті қондыра алған. Нәтижесінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеді. Бұл оқиға «Гудзондағы ғажайып» деген атаумен белгілі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады
- Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады
- Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Шахтинскіде газ жарылды: Сегіз адам зардап шекті
- Қар жеп жан баққан: Абай облысында 5 күн бұрын жоғалған малшы табылды
- Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
- Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді
- Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
- Белгілі актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?