Непалдағы күшті жер сілкінісі салдарынан 70-ке жуық адам қаза тапты

cover Сурет: twitter.com/Aawaj55

Жер сілкінісі ошағы ел астанасы Катмандудан 500 шақырым жерде орналасқан Джаржаркот ауданында болды. Жерасты дүмпулері Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілді.

Непалдағы сейсмологиялық қызметтердің мәліметінше, жер сілкінісінің күші 6,4 балл, АҚШ-тың геологиялық қызметі 5,7 балл деп анықтады, деп жазады Reuters.

Жер сілкінісінің ошағы ел астанасы Катмандудан 500 шақырым жерде Джаржаркот ауданында орналасқан. Кемінде 69 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Көптеген елді мекендермен байланыс болмағандықтан, құтқарушылар әлі жеткен жоқ, зардап шеккендердің саны одан әрі артуы мүмкін.

Жерасты дүмпулері Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілді. Ол жақтан зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар