Непалда наразылыққа шыққан халық қиратқан көшелерін өздері жинап жатыр
Фото: asia-today.news
Непалда 4 қыркүйек күні кейбір әлеуметтік желілерге тыйым салынғаннан кейін жаппай наразылық болды. 25 жасқа дейінгі жастар ақыры дегеніне жетіп, көтеріліс тоқтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Непал билігі Facebook, Instagram, YouTube, X, Reddit және LinkedIn сияқты ірі әлеуметтік желілерді жергілікті министрлікте тіркелмегені үшін бұғаттады. Бұл елдегі жастардың ызасына тиіп, наразылық танытуына себеп болды. 1995–2012 жылдар аралығында туған жастар өздерінің көтерілістерін «Зумерлер революциясы» деп атады. Олар Непал президентінің Катмандудағы резиденциясын, министрлер мен саясаткерлердің бірнеше резиденциясын өртеп тастады. Билікке тиесілі ғимараттар қирады.
Көтеріліс нәтижесінде премьер-министр Шарма Оли қызметінен кетті. Наразы халық Шарма Олидің жұбайы, елдің сыртқы істер министрі Арзу Рана Деубаны ұрып-соғып, үйіне қамап, өртеп жіберді.
Нәтижесінде, жастардың талабы қаралып, әлеуметтік желілерге кіруге рұқсат берілді. Кейбір дереккөздерде көтерілістің тағы бір себебі жұмыссыздық пен тұрмыс жағдайының нашарлығы екені айтылып жатыр.
Дегеніне жеткен Непал жастары өздері қиратып, шашып кеткен көшелерді қайтадан жинап, бұрынғы қалпына келтіріп жатыр.
Айта кетейік, Непалда наразы халық өзенмен жалаңаш қашқан министрдің артынан қуған еді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды