Неліктен өзбек шахматшысы Үндістаннан келген қарсыласымен қол алысудан бас тартты
Скриншот видео x.com/TheKhelIndia
Оқиға 21 қаңтарда Нидерландтың Вейк-ан-Зе қаласында өткен әлемге әйгілі Tata Steel Chess турнирінде болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желілерде таралған бейнебаянда 23 жастағы үндістандық гроссмейстер Рамешбабу Вайшали ойын алдында Нодирбек Якуббоевқа қолын ұсынады, бірақ өзбек шахматшысы оған жауап бермей, орнына отырады. Бұл жағдай үнді шахматшысының таңданысын тудырды, деп жазады Gazeta.uz.
Олимпиада чемпионы Якуббоев сол матчты жеңіліспен аяқтады. Кейін ол әлеуметтік желіде бұл жағдайға түсініктеме беріп, қол алысудан бас тарту себебін айтты.
«Мен Вайшалимен партияда болған жағдайды түсіндіргім келеді. Әйелдер мен үнді шахматшыларына деген терең құрметпен мен діни себептермен басқа әйелдерге қол тигізбейтінімді айтқым келеді. Мен Вайшали мен оның ағасын Үндістандағы ең мықты шахматшы ретінде құрметтеймін. Егер менің іс-әрекетім оны ренжітсе, кешірім сұраймын» деп жазды Якуббоев.
Шахматшы өз жазбасында шахматтың харам емес екенін атап өтті.
Оның жазбасына келіп түскен пікірлерде Якуббоев 2023 жылы Абу-Дабиде өткен турнирде индиялық гроссмейстер Дивья Дешмукхпен қол алысып тұрған суреттері жарияланды.
«Мен бұған дейін жасаған әрекеттерімді (Дивьямен 2023 жылғы партия және оған ұқсас жағдайлар) өзім үшін дұрыс деп санамаймын. Мен өзім қажет деп санаған әрекетті жасаймын. Мен қол ұстасуды немесе әйелдерге хиджаб немесе бурка киюді міндеттемеймін. Бұл әркімнің жеке ісі», - деп жауап берді ол.
Шахматшы өзінің діни көзқарастары туралы арбитр мен қарсыласына ескертпегенінен, осындай жағдайға тап болғанын айтады.
Кейін Якуббоев Вайшалидан жеке кешірім сұрап, оған гүл шоқтарын сыйлады.
Вейк-ан-Зее 2025 турнирі, яғни Tata Steel Chess Tournament, 87-ші рет өткізіліп отырған әлемдегі ең көне турнирлерінің бірі, ол 1937 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
Жаңалықтар
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды