«Неге сонша азаптайды?»: Алматыда итті көлігіне байлап сүйреткен ер адамның үстінен іс қозғалды

cover Фото: Бейнеден кадр

27 тамызда Алматы облысындағы Жандосов ауылында ер адамның итке көрсеткен қатыгездігі жұрттың жағасын ұстатты.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбада ер адамның көлігіне сүйретіліп әлсіреген итті байқауға болады. Иттің жағдайы өте нашар. Ал куәгерлер ер адамнан итті босатуды талап етіп жатыр. Бейнежазба авторының айтуынша, ер адамның мұндай әрекеті біреудің бұйрығымен жасалған.

Orda.kz осы мәселе бойынша Алматы облыстық полиция басқармасына хабарласқан болатын.

Олар Қарасай аудандық полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, оған қатысты жануарды қинау бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар