Неге бензин бағасы күннен күнге өсіп жатыр? – министр жауап берді

cover

13 маусымда Шымкентте мұнай өңдеу зауытында бензинді технологиялық режимде өндіру басталды. Соңғы 5 тәулікте 6,5 мың тонна бензин мен 6 мың тонна дизель өндірілді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Жақында оңтүстік аймақта жанармай бағасы қайта қалпына келеді, деп мәлімдеді энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

– Осы жолы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жөндеу жұмыстары 45 күнге созылды. Бірақ оған дейін 293 мың тонна бензин мен 311 мың тонна дизельді отынның қоры жиналған болатын. Негізі, қажетті жанар-жағармай дайындалды. Бүгінде күрделі жұмыстар аяқталса да, запаста 227 мың тонна бензин мен 213 мың тонна дизельді отын бар, - деді Мағауов брифингте.

Оның айтуынша, Шымкентте мұнай өңдеу зауыты сұранысты қанағаттандыра алады. Себебі, мұндағы сұраныс – 3 мың тонна бензин мен 5,6 мың тонна дизель.

– Дегенмен, бензинді жөнелту бойынша бірқатар логистикалық қиындықтар туындады. Осыған байланысты өндірілген жанар-жағармайдың жартысын ғана жеткізуге мүмкіндік болды. Содан «Қазақстан теміржолы» компаниясымен және экспедиторлармен консультациялар өткізілді. Қазіргі кезде біз жеткізілетін бензин көлемін қалпына келтірдік.

Жақын күндері теміржолмен оңтүстік аймақтарға 4,3 мың тонна бензин мен 4,2 мың тонна дизельді отын жөнелтіліп тұрады деген жоспар бар. Оған қоса, Шымкенттегі мұнай базасына құбыр арқылы 1,2 мың тонна бензин мен дизель отыны түсіріледі, ары қарай жанар-жағармай станцияларына таратылады, - деді ол.

Кейбір АЗС-тар бағаны қолдан өсіріп отыр, бірақ ол ұзаққа созылмайды. Кәсіпкерлер көтерме баға өзгермегендіктен, бәрібір бағаны түсіруге мәжбүр болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар