Назарбаевтың туыстары сотқа тартылуда: жүйелі тазарту ма, әлде саяси ойын ба?
Нұрсұлтан Әбішұлы өз естелігінде туған-туыстарына мынадай жолдарды арнаған: «Ең жанға батар сынақ – балалармен, туыстарыңмен сыналу. Мойындауым керек, менің табиғи мейірімділігім мен сенгіштігім көп жерде бармақ шайнатты».
Елбасының туыстарының былығы күннен күнге ашылып жатыр: өткен жылдың мамыр айында сот Гүлмира Сатыбалдыны бизнес серіктесін ұрлап, акцияларынан бас тартуға мәжбүрлегені үшін 7 жылға соттады. Енді ол өз туысы Абай Жүнісовті де сан соқтырғаны белгілі болды. Сот отырысы Алматыдағы мамандандырылған сотта өтіп жатыр.
Экс-президенттің туыстарының бірінен кейін бірінің сотқа сүйрелуін көпшілік: «Ескі Қазақстанды» жүйелі түрде тазарту жүріп жатыр ма, әлде кейбірін ғана «құрбандыққа» алып жатыр ма?» деген сұрақ туындайды. Экономист, қоғам қайраткері Рүстем Жансейітов билік әзірге «ең сүйкімсіздермен ғана айналысып жатыр» деп есептейді.
«Бұл жүйелі тазарту болса, неге кейбіреулері сотталып, басқалары босатылады? Біреулердің ақшасын ғана алып, өздерін бостандыққа жіберді» - дейді Жансейітов Asia Today басылымына берген сұхбатында.
Сұрақтың басы ашық, қазір жағдай қандай? «Көне Қазақстанның» жаңғырығы қаншалықты деңгейде қалып қойды?
«Қазір олар әлдеқайда жасырын әдістерді қолданады. Және олар мұны жанама түрде жасайды, сондықтан сізге кім және не үшін қысым жасап жатқанын түсінбеуіңіз мүмкін. Мен квазимемлекеттік сектордың бір кеңсесінде жұмыс істедім, ол арқылы қыруар бюджет ақшасы өтіп жатты. Мұны байқаған бір олигархтың командасы жағдайды сынай бастады. Әуелі ол жерде кімнің басқаратынын, кімнің не істеп жатқанын біліп, үстінен кір іздей бастады. Түрлі ақпарат құралдарында анау-мынау, бірдеңе бүлдірді деген мақалалар шыға бастады, үшінші тұлға прокуратураға шағымданды. Содан кейін оларды жай ғана біріктіргенсіп, таан-таражға салды. Орнын жаңа адамдар басып, мемлекеттік ақша ағындарын өздерінің еншілес компанияларына бағыттай бастады. Схема қарапайым, тіпті ақылға қонымсыз, бірақ ол жұмыс істейді», - дейді сарапшы.
Сондай-ақ Жансейітов Назарбаевтар отбасы мүшелеріне қатысты процестерге өте күмәнмен қарайтынын, ескі және жаңа Қазақстанның салыстырмалы түрде айырмашылығы жоқ екенін айтады.
Қорытындылай келе, сарапшы елдегі тәртіпті қалпына келтіру ұзақ уақытты қажет ететінін және бұл үдеріс биліктің барлық деңгейінде шешуші әрекетті қажет ететінін баса айтады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу