Назарбаев қоры қазіргі билікті қаралау науқанын ұйымдастырғанын жоққа шығарды

cover Фото: OCCRP

Нұрсұлтан Назарбаев қоры қазіргі билікті қаралау науқанын ұйымдастырғанын жоққа шығарады.

«Қазақстандағы су тасқыны маусымының өтуіне байланысты шиеленіскен жағдай аясында кейбір әлеуметтік желілерде «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жүргізді деген болжам бойынша биліктің беделін түсіруге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық науқан» туралы мәлімет жарияланды. Анонимді дереккөз жариялаған ақпаратты жекелеген БАҚ өкілдері де айтып, олар да негізсіз айып тақты. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры бұл жарияланымдар мен мәлімдемелердің мүлдем объективті және нақты негізі жоқ екендігі туралы мәлімдеме жасау қажет деп санайды» делінген қор хабарламасында.

Қор өз қызметін «саяси немесе ақпараттық-манипуляциялық сипатта емес» деп сендіреді.

«Қордың жұмысы тек әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, қазақстандық жастарды қолдауға және қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның ұстанып отырған саяси бағытын әрқашан қолдағанын және қолдап отырғанын ерекше атап өткім келеді. Бұл күндері тұңғыш президент еліміздің көптеген азаматтары сияқты су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына жанашырлық танытуда. Біз мемлекет және үкімет басшысының республика өңірлерінде бұрын-соңды болмаған су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі күш-жігерін толық қолдаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры зардап шеккен аудандардың тұрғындарын қолдауға қаражат аударып, алғашқылардың бірі болып қаржылай көмек көрсетті» делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар