Риддер қаласының әкімі бір жыл болмай қызметінен кетті

cover Фото: Ашық дереккөзден

Сәуірдің 29-ы күні әкімдік отырысында Дәулет Батырбаев өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл қызметте ол сегіз ай жұмыс істеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Қаланың бұрынғы басшысының айтуынша, оның кетуі отбасылық жағдайға байланысты.

Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және өнеркәсіп салаларына жетекшілік ететін әкімнің орынбасары Мұрат Байжүменов тағайындалды.

Биылғы қыста Риддерде коммуналдық қызметте төтенше жағдайлар орын алды. Орталықтандырылған жылу жүйесі жұмысын қадағалап отырған жергілікті билік халыққа қыс мезгілінде жылу уақтылы болады деп уәде берді. Алайда, шенеуніктердің уәдесіне қарамастан, қала тұрғындарының үйлері суық болғаны анықталды.

Сондай-ақ сумен қамтамасыз етуде де проблемалар болды. Су беруді тоқтатуға Риддер тұрғындары су алатын Громотуха өзенінің шатқалына түскен қар көшкіні себеп болды.

Шарасыздықтан жергілікті тұрғындар қарды ерітуге мәжбүр болды.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар