Наурыз айындағы ҰБТ-ға 184 мың оқушы қатысады

cover Фото: edu.org.kz

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Белгілі болғандай, тестілеуге қатысуға шамамен 184 мың адам өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға талапкерге көп. 

Биыл тестілеу 2 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Айта кетейік, өтініш беру кезінде талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және өтетін орнын өздері таңдайды.

Биылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап 25 ақпанға дейін қабылданды.

Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz ресми сайты арқылы немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.

Министрлік атап өткендей, наурыз айындағы ҰБТ-ға:

  • күндізгі бөлімде ақылы негізде шартты түрде оқуға қабылданған студенттер;
  • былтырғы мектеп түлектері мен колледж бітірушілер;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ, бірақ қазақ ұлтының өкілдері;
  • шетелде білім алған ҚР азаматтары;
  • жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге ниетті бітіруші сынып оқушылары қатыса алады.

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Тестілеу бұрынғыдай, талапкерлер үш міндетті пән және таңдау бойынша екі бейіндік пән тапсырады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар