Науқастың аяғын кесіп тастады: БҚО-да хирург қателігі үшін жазаланбады

cover фото: envato

Сот медициналық қателік туралы істі қарады және науқастың аяғын кесіп тастаған хирургты жазаламады, деп хабарлайды Orda.kz.

БҚО облыстық сотының мәліметінше, ҚР ҚК 317-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс (Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы) Жәнібек ауданының сотында қаралған.

Жергілікті тұрғын 2023 жылдың 25 қазанында аяғынан өндірістік жарақат алған еді. Ауруханаға жеткізілді, жараны антисептиктермен емдеп, некротикалық (өлі) тіндерді алып тастап, тігілді. Бірақ жарадан ірің мен сұйықтықтың ағуы үшін дренаж қамтамасыз етілмеді. Жарада сұйықтық жиналып, инфекция өршіп кеткен.

Аяқты сақтап қалу мүмкін болмады: 10 қарашада жәбірленушінің аяғын тобығынан кесіп тастады. Аудандық аурухананың хирургі осы іс бойынша сотқа берілді. Сот дәрігердің кәсіби міндеттеріне немқұрайлы және жосықсыз қарағанын анықтады.

Алайда аяғынан айырылған адам дәрігерді кешірді.

«Жәбірленуші сотқа жауапкердің келтірілген  залалды өтегенін айтты. Ол медиация тәртібімен дәрігермен татуласып, оны кешірді және қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді»

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар