Нашар көретін алматылықтар жолдағы самокаттарға шағымданды
Фото: Pixabay
Тротуарларға қалдырып кететін электр самокаттар нашар көретін адамдар үшін нағыз қауіп-қатерге айналды, олар жаяу жүргіншілерді әбден әбіржітіп, құлап қалып жарақат алу қаупін тудырып отыр, деп хабарлайды Orda.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
І топтағы мүгедек Жазира Мөлкібекова жол бойына тастап кеткен скутерге соғылып төр рет құлағанын, скутерге таяғы ілініп, тізесі мен қолын зақымдағанын айтады.
«Таяқпен жүремін, скутер мені құлатып, таяқшамды сындырады. Өзім құлап қалдым. Мен, ең бастысы, таяғымның сынғанына өкіндім. Өйткені бұл менің көмекшім деуге болады. Онсыз дұрыс жүре алмаймын», - дейді І топтағы мүгедек Бағлан Әбдікәрім.
Адамдар скутерлерді жиі тротуарға көлденең тастап кете береді. Жаяу жүргіншілер олардың дыбысын естігенде, қайда қашарын білмей сасқалақтайды. Нашар көретін адамдар өздерін қорғау үшін көбі ертіп жүретін адам жалдауға тура келетінін айтады. Ондай қызмет сағатына шамамен бес мың теңге тұрады.
Шенеуніктер жағдайды реттеуге уәде берумен шектеліп отыр. Қалада арнайы тұрақтар болады деген жауап айтылды. Сондай-ақ, саябақтарда, скверлерде және серуендеу аймақтарында скутерлердің жүруіне тыйым салу қарастырылуда. Тәртіп бұзушыларға тыйым салынған жерге тастап кеткені үшін 80 мың теңге көлемінде айыппұл да бар. Бірақ осының бәрін қадағалап, реттеп отырған ешкім жоқ.
Жыл басынан бері қалада электр самокат салдарынан 340-тан астам ЖКО тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.
«Пилоттық режимде скутерлерге арналған тұрақ орындарын белгілеу арқылы орналастыру жоспарлануда. Он орын алдын ала анықталды. Оң нәтиже берген жағдайда бұл жұмыс бүкіл қала бойынша жүргізіледі», деп тағы уәде берді әкімдік.
Электрскутерлер қаладағы көліктің толыққанды жаңа түріне айналды. «Яндекс Go» мәліметінше, 2025 жылы пайдаланушылардың 90% жұмысқа, оқуға немесе басқа көлікке мінетін жерге дейін жету үшін электр скутерлерін пайдаланады.
Жағдайдың ушыққаны соншалық, тіпті президент бұл көлік түрін реттеу қажеттігі туралы халыққа жыл сайынғы жолдауында айтты.
Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте электрсамокаттарды пайдалану ережелерінің бұзылуы жаппай сипат алып жатқанын мәлімдеді.
Артынша Алматы қаласы Алмалы ауданында автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан самокат мінген екі қызды қағып кетті, сондай-ақ екі жасөспірім ішінде бала отырған бесікарбаны қақты.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды