Найзағай екі әскери қызметкердің өмірін жалмады

cover Фото: Pexels

Әзірбайжанда Ленкаран шекара отрядының ресми аумағында найзағай соққан 2 шекера қызметкері қаза тапты. 

Бұл туралы Azertag хабарлады.

Мемлекеттік шекараны күзету бойынша қызметтік міндеттерін атқару кезінде, Майор Бахишлы Бахиш Елшан оглы мен жауынгер Нағиев Әли Елшан оглы қаза тапты.

«Мемлекеттік шекара қызметінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, сабырлық тілейді» делінген хабарламада.

Аталған жайт бойынша тергеу жүріп жатқаны атап өтілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар