Нағыз жұт: Шығыс Қазақстанда да мал қырылып жатыр

cover

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы Шілікті ауылында мал белгісіз аурудан қырылып жатыр.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Еске салсақ, сәуірде бірнеше шаруаның жас төлі өлген. Басында мамандар оларды « аштықтан өлді» деген. Бірақ зертханалық сараптама басқаша дейді. Мал «анаэробты интер таксин» деген инфекциядан өлген.

Аурудан малдың ішкі құрылысы зақымдалған. Ал енді Шілікті ауылының ірі қарасы белгісіз індеттен қырылып жатыр.

Шілікті ауылы шекарада орналасқан, оның тұрғындары тек малмен күн көріп отыр.

Қазіргі таңда барлық жауапты орган бұл мәселе туралы біледі. Сынама алынған. Ал өлген малға «анаэробты интер таксин» деген індет өтемақы төлейтін аурудың тізімінде жоқ болғандықтан, еш қаражат берілмейді.

Соңғы бір айда мұнда 10 сиырдың ерні, езуі, тілі ісіп, аузынан сілекей ағып өлген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар