Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген муралды бояп кетті

cover Сурет: Instagram – rukh2k19

Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында орналасқан гараждың қабырғасында Елбасының жас кезі бейнеленген мурал болатын. Белгісіз біреулер бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған муралды өзгертіп тастаған.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мурал енді Джокерге ұқсайды

8 шілдеде Qazaq Koktemi Rukh арт қозғалысының инстаграмдағы парақшасында өзгертілген муралдың суреті пайда болды. Онда бұрынғы президенттің жас кезіндегі суреті DC Comics-тің зұлым кейіпкерлерінің бірі Джокерге ұқсап қалған.

Муралдағы «Ұлы дала ұлы» деген латын тіліндегі жазу «Ұлы дала ұры» деп өзгертілген. Forever Young тіркесіне «крест» қойылып, Cancel деген сөз пайда болған.

Арт-қозғалыстың инстаграмдағы парақшасында экс-президентке арналған үндеу де бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар