Нұр-Сұлтанда бұрынғы полицей жасөспірім қызды тепкілеп кеткен

cover Скриншот

Елордада жасөспірімдер арасындағы жанжалға бірінің әкесі кірісіп, жасөспірім қызды соққыға алған. Қыздың анасы ер адам жазадан құтылып кете ме деп қорқады.

Бұл туралы Orda.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Мадина Арчакова аулада бір қызбен балалармен жәй ғана сөзге келісіп қалған. Әткеншекте отырған жасөспірімге біреу күтпеген жерден шабуыл жасаған. Қыз барлығын көзіне жас алып, есіне түсіріп отыр.

Бұған дейін жанжалдасып қалғаны қыз Мадинаны шашынан тартып, жерге құлатқан. Кенеттен қыздың әкесі төбелеске кірісіп, Мадинаны тебе бастаған.  Қыз ашулы еркектің қолынан әрең сытылып шыққан. Қашып бара жатқан жерде есінен танып қалған. Жасөспірімге ауладағы адамдар көмектесіп, оны үйіне әкелген.

– Ол көліктен әрең түсті. Әрең тірі қалған. Мен бәрі бітті деп ойлап үлгердім. Барлық жері сынған деген ойға келдім. Ол жүре де алмады. Мен оған көмектесіп, үйге алып кіріп кеттім. Дереу жедел жәрдем шақырдық, - деді Мадинаның анасы Лима Арчакова.

Жанжал бір апта бұрын болса да, жасөспірім әлі өзіне келмеген. Түні бойы жаман түстер көріп, шошып оянады.

– Барлық жерім ауырып тұр. Дұрыс жүре де алмаймын. Барлық қабырғаларым ауырады. Басым айналады. Түнде жүрегім айниды, - деді Мадина Арчакова.

Зардап шегуішілер полицияға арыз жазған. Анықталғандай, олар бұл отбасынан зардап шеккен бірінші адамдар емес.

– Олардан бізден басқа тағы 2 отбасы зардап шеккен. Учаскеде олар күліп тұрды. Енді олар бәрін жоққа шығарып отыр: «Біз оны ұрмадық, бізге ештеңе болмайды» дейді. Ал қызы болса, «менің әкем бұрынғы полиция қызметкері, бізге ештеңе болмайды!» деп айта береді.

Полиция күдіктінің ішкі істер органдарына қатысы барын жоққа шығарды. 

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр

– Полиция бұл факт бойынша жанжалға қатысқан кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан арыз қабылдады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша кінәлі адам жауапқа тартылады. Сонымен қатар, қыздың әкесі қазір полиция қызметкері емес, - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Мадина осы бір аптада мүлде сыртқа шықпайды, қатты қорқып қалған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар